Сарыағашта жаңа мектеп пайдалануға берілді

10.11.2018
Қаралды: 81

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа орта мектеп ашылды.

 

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Пре­зи­денті күні» мерекесіне орай Сарыағаш ауданы  Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі жаңа ғимаратпен толықты.  Оқу орнының корпусы  240 орынды қамтиды. Жаңа ғимарат толықтай заманауи үлгі­де салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Мұнда спорт залдары, асхана, зертхана кабинеттері мен шеберхана, сондай-ақ шағын орталық жұмысына арналған арнайы орын­дар бар.  

 

Білім ордасы заманауи талаптарға сәйкес келеді. Онда мамандандырылған кабинеттер, түрлі шеберханалар да бар.

 

О. МАМЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ