Жастарымыз жыртық киімге тым құмар болмаса екен

05.12.2018
Қаралды: 42

Қазіргі таңда киім үлгілері өте көп.  ХХІ ғасырдың өзіндік стилі қалыптасқан.  Соның ішінде адамды екіұдай күйде қалдыратындары да бар. Мысалы, тізесі бірнеше жерден ойылған шалбар, бір жеңі жоқ кеудеше киіп жүргендер бар.

 

 

Жалпы, бүгінде мұның қай-қайсын болса да әсіресе сән қуатын қыздардың үстінен жиі көреміз. Дегенмен тізесі жыртық джинсы, ауы салбыраған шалбар киіп жүрген жігіттеріміз де бар.

 

Ал киім дүкендерінде бірінен бірі асатын бүтін шалбар да, бүтін кеудеше де толып тұр. Алайда кей жастарымыз сәннен қалмау үшін тізесінде жыртығы бар джинсы таңдайды. Оларға кіндігіңді жап, ұзын киініп жүр, ашық киінбе деп ақылын айтатын үлкендер аз. Керісінше, көреді, әпереді де, «сән ғой» деп жүре береді.

 

Адамның киіну стилі – оның мәдениетінің, ой-өрісінің, ішкі жан-дүниесінің айнасы. Ендеше жастарымыз талғамнан айнымаса, сән деп не болсын соны үлгі тұтпай, жарасымды киініп жүрсе екен дейміз.  

                     

Мәдина ШЕРИЕВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ