Нұрсұлтан Байтілесов – Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы

30.10.2018
Қаралды: 53

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшысы Н.Шәрі­повтың өкімімен Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болып Нұрсұлтан Байтілесов тағайындалды.

 

 

Нұрсұлтан Төлен­ұлы Байтілесов 1991-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. 2009-жылы Астана қаласындағы Қаз­ГЗУ-дің колледжін «Құқықтану» мамандығы бо­йынша, 2016-жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 2016-жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық уни­вер­ситетінде заңтану мамандығы бойынша терең­детілген білім алып, заң ғылымдарының ма­гистрі дәрежесін иеленген. Еңбек жолын 2009-жылы Астана қаласының Алматы аудандық сотының жетекші маманы болып бастаған. Кейін Атырау және Павлодар облыстық соттарында, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде, Әскери Сотта жауапты қызметтер атқарған. Жаңа лауазым­ға тағайындалғанға дейін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету депар­таментінің халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып келген.

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ