Түркістанның түрленетін күні жақын

04.11.2018
Қаралды: 138

Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін иеленгеніне 5 айдан асты. Осы аралықта онда атқарылған жұмыстар баршылық. Дегенмен алдағы уақытта іске асырылуы тиістері одан да көп.

 

Өткен қыркүйек айында Түркістанға келген сапарында Елбасы Н.Назарбаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өткізгені, сонда көптеген ірі компаниялар мен кәсіпкерлерге түрлі салалар бойынша нысандар салуға тапсырма бергені елдің есінде. Одан бергі уақытта облыстың атқарушы билігі де түгелдей дерлік Түркістанға көшіп, жұмыстарын жолға қойып алды. Енді қаланың Бас жоспары бойынша басталған шаруалардың алғашқы нәтижесін көретін күндер де алыс емес сияқты.

 

Кешегі аптада облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалық етуімен арнайы жиын болып, онда Түркістан қаласының Бас жоспары талқыланды. Атқарылған жұмыстар бойынша әкімнің бірінші орынбасары Қ.Нүкенов баяндама жасады.

 

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, бүгінде қаладағы салынуы тиіс нысандардың концепциялық эскиздерін дайындауға бағытталған «Turkіstan archіtect avards» халықаралық сәулет конкурсына ұсынылған жұмыстар іріктеліп жатыр екен. Қ.Нүкенов әр нысанға жауапты облыс әкімдіктері мен компания өкілдерінің қатысуымен тиісті жол картасы әзірленгенін баяндады.

 

Облыс әкімі Президент тапсырмаларының уақтылы, толық әрі сапалы орындалуы тиістігін  ескертіп, әрбір жұмыстың барысы туралы тұрақты түрде баяндап отыруды міндеттеді. Ол кісі жауапты қызметкерлерге, құрылыс басқармасының, сәулет және қала құрылысы бас­қармасының басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ