«Өрлеуден» өрістеген кәсіпкер

30.10.2018
Қаралды: 48

Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында жеңілдетілген шағын несие беруді көбейту керектігін қадап айтқан болатын. Әсіресе бұл ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беруде.

 

Түркістан облысында да шаруалар шағын несие алып, мал басын көбейте бастады. Мақтааралдық кәсіпкер Ербол Борашев үкіметтен 14 миллион теңге жеңіл­детілген несие алыпты.

 

«Тірліктің көзін мал басын көбейтуден бастауымыз – малдың жайын білгендіктен еді. Оның үстіне мемлекет шағын кәсіп бастаушыларға қол ұшын беріп отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, алған несиеге 35 бас жылқы мен 33 бас ірі қара сатып алдым. Тағы 30 шақты бас сиыр алып қойсам деймін. Себебі шаруашылықтағы қора-жайларға 150-ден аса ірі қара сыяды. Сонымен қатар иелігімізде егістік жерлер де бар. Мал азығын қамдауды ерте көктемде бастап, қара күзге дейін жем-шөп әзір­лейміз», – дейді кәсіпкер Ербол.

 

Мал басын көбейту ісімен қоса егін егіп, жер жыртқан шаруа оншақты адамға тұрақты жұмыс беріп, кешіктірмей жалақысын төлеп отырады.

 

Таңнан қара кешке дейін мал қарап, оның ас-суын қамдау, қыс түскенше егістік басында жүретін жұмысшылардың тірлігі орасан. Соған сәйкес, олар 70-80 мың теңге айлық алып, отбасын асырап отыр.

 

Жоңышқа, жүгері егіп, шаруашылықтағы малдан артылғанын сатып, түскен қосымша табысқа қажеттіліктерді түгелдейді. Техникалардың бұзылған жерін жөндеп, май құйып, бүтіндеп отырады.

 

Кәсіпкер алдағы уақытта асыл тұқымды мал басын әкеліп, шаруашылықтың ауқымын бұдан да үлкейтсем дейді.

 

Д.ҚАЛЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ