Түркістан француздарды да қызықтыруда

28.10.2018
Қаралды: 61

Түркістан облысын шет мемлекеттерге насихаттау өзінің тиісті жемісін беріп жатыр. Бүгінде облыс экономикасына инвестиция салуға ниеттенушілер туралы күн сайын дерлік еститін болдық.

 

Түркістанға назар салып, сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуға қызығып отырған мемлекеттердің бірі – Франция. Жалпы, Франция мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жылдан асқан. Еуропаның алдыңғы қатарлы бұл елімен арадағы сауда айналымы өткен, 2017-жылдың өзінде ғана 3 миллиард доллардан аса қаржыны құрапты. Енді француздар жеке облыс­тың өзімен де жұмыс істеспек ойда.

 

Кешегі аптада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахинскиймен кез­десті. Сонда әкім орынбасары оны Түркістан облысының әлеуетімен таныстырды. Ол кісі Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жөнінде айтты. Мысалы, Түркістан облысы  – Қазақстан бойынша мақта өсірумен айналысатын жалғыз облыс, жылына 1 миллион тонна бақша өнім­дерін өндіреді, еліміздегі жылыжай атаулының 90 пайызы осы Оңтүстік өңірде  шоғырланған. Түркістан облысының туризм саласын да өркендетуге мүм­кіндіктер бар.

 

Аталған кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, экономикаға инвестициялар салу мәселелері талқыланды, бірлескен жобалар жасау жөнінде сөз болды. Демек, енді көп ұзамай Түркістан өлкесіне француз инвестициялары құйылып жатар болса, онда еңбектің еш кетпегені.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ