Отырар да оңды ісін айта алады

27.10.2018
Қаралды: 42

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің керегесі кеңейе түсуде. Оған Отырар ауданы да өзіндік үлесін қосуда. Қазіргі таңда өңірде межеленген жоспарлар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

 

 

Отырар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бұған байланысты бізге берген мәліметтері мынадай:

 

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бо­йынша 2011-жылы жоба құны 35 миллион теңгені құрайтын «Гүлмайра» шаруа қожалығының «Түйе сүтін өңдеу цехы» іске қосылған. 2012-жылы «Үсенов Н» шаруа қожалығының сүт өңдеу цехы  жұмысын бастаған. Бұл жобаның жалпы құны 120 миллион теңгені құрайды.

 

Ал аудандағы «АзияАгро» ЖШС-нің жүгері өңдеу және құрама жем шығару кешенін 2017-жылы іске қосу жоспарланған болатын. Алайда құны 619 миллион теңге болатын бұл жоба мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өз жұмысын 2016-жылдың қараша айында бастап кетті. Қазіргі таңда онда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

 

2017-жылы қуаттылығы жылына 750 мың шаршы метр болатын «ПСК Ақ мерген» ЖШС-нің қамыс плитасын шығару жобасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, іске қосылды. Жоба құны – 623 миллион теңге. Мұнда 15 адам жұмысқа тартылған. 2017-жылы кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфроқұрылымды жеткізу, яғни 20 шақырым жерге электр желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Мұндағы жобаның жалпы құны 138 миллион теңгені құрады.

 

2017-жылы аудан кәсіпкерлеріне «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 141 жобаға 326 миллион 400 мың теңге несие берілген. Бұл мал бордақылауға, мал басын көбейтуге, кіші цехтар ашуға, әр түрлі дақылдар өсіруге және тағы да басқа бағыттар бойынша ұсынылған. Сондай-ақ 2018-жылы аталмыш  ұйымнан ірі қара санын көбейтуге және лизингке техника алуға алты жобаға 21 миллион 700 мың теңге берілген.

 

Сонымен қатар, әртүрлі дақылдар өсіруге 35 жобаға 91 миллион 700 мың теңгеге несие берілді. Соның ішінде «Сарқырама», «Абзал - 86», «Рабат», «Бибол», «Ақжол», «Арын» шаруа қожалықтары егін егуге несие иеленді, «Аtameken Agro Group» АӨК-і лизингке техника алу мақсатында несие алды.

 

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 2018-жылға 37 азаматты шағын несиемен қамту жоспарланған. Өтініш берушілерден 45 адам­ға 198 миллион 800 мың теңге несие берілді. Оның ішінде «Отырар ауыл несие» қаржы ұйымынан – 13 азамат, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 32 азамат несиемен қамтылған. Нәтижесінде қосымша 47 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

 

Міне, Отырар ауданында осындай оңды істер атқарылыпты. Ол лайықты жалғасын таба бергей дейміз.  

 

М. ЫБЫРАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ