«Kazkіotі» тракторы 3 облыстың қажетіне жарап тұр

26.10.2018
Қаралды: 54

Ордабасы ауданындағы «Ордабасы» индустриалдық аймағында орналасқан «Kazkіotі» деп аталатын трактор зауытының ашылғанына 3 жылдан асты. Жобалық құны 40 миллион теңгені құрайтын кәсіпорында қазіргі уақытта 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

Бұл зауыт алғаш жұмыс бастал­ған уақытта Оңтүстік Корея ин­женерлерінің үлгісі бойынша  үш түрлі 40 тракторды құрастырып шығарып, талайларды тамсандыр­ған еді. «Kazkіotі» тракторларының ішінде керектің бәрі бар. Заманауи үлгідегі желдеткішке дейін қойылған.

 

Бүгінде зауыт Түркістан облысынан бөлек, Жамбыл, Қызылорда облыстарына да өз өнімдерін жеткізіп жатыр екен. Компания өткен жылы 1,5 мың трактор құрас­тырыпты. Бұл тракторлардың 60-тан 100 атқа дейін күші бар. Алдағы жылы қуаты одан да күшті, яғни 250 атқа тең техникалар пайдалануға берілетін көрінеді.

 

«Kazkіotі» құрастырған тракторлар егіс алқаптарында ғана емес, коммуналдық шаруашылықтарға да ыңғайластырылғанын айта кетке­німіз жөн.

 

Қазір осы кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда. Зауыт толық күшіне енсе, жылына 6 мың трактор құрастыруға қауқарлы.

 

Д. БАЙЖІГІТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ