Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мәлік Нұржанұлы Отарбаев тағайындалды.
Мәлік Нұржанұлы 1980-жылы 2-ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған. Еңбек жолын 2001-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.
2003 – 2016-жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.
2016-жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!