Күл-қоқыс полигонының орнынан күн-электр станциясы бой көтермек

22.10.2018
Қаралды: 69

Жетісай ауданында қуаттылығы 4,8 мегаватты құрайтын күн-электр станциясыбой көтеретін болды. Ол Жетісай қаласы іргесіндегі бұрын күл-қоқыс тасталып келген 10,7 гектар жерге  салынады.

 

Бұл инвестициялық жобаның іске асуына германиялық «NW COMP SOLAR GMBX» компаниясы қолдау білдіргелі отыр. Бүгінде «Компания Кади» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қолға алған жобаның құны 2 миллиард 500 мың теңгені теңгені құрайды.

 

Сондай-ақ алдағы жылы ресейлік «Авеллар» компаниясы өз қаржысы есебінен қуаттылығы 20 мегаватт болатын тағы бір күн-электр станциясын салмақшы. Жобаға қажетті 40 гектар жер телімі машиналық әдіспен суғару каналы жанынан ұсынылып отыр.

 

Жалпы, күн-электр станциясын салу экономикалық тұрғыда өте тиімді. Онда газ, мазут, көмір жағылмайды, сондықтан  ол атмосфераға да зиян кел­тірмейді. Ал мұндай станциялар бү­гінде Түркістан облысының әр ауданында дерлік салынуда.

 

Д. ҚАЛЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ