Ауданнан мұнай өңдеу зауыты салынатын болды

21.10.2018
Қаралды: 86

Түркістан облысында өндірістік қуаты жылына 2 миллион тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады. Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүргізілмек. Жоба инвесторы – қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы.

 

Жалпы құны 95 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында 1 мың жұмыс орны пайда болмақ. Бүгінгі күні 250 гектар жер аумағында жерге орналастыру жұмыстары жүзеге асырылып, периметр бойынша қоршаулар орнатылуда. Сондай-ақ электр желілері өткізіліп, учаскеге жол салынған.

 

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы – «Turkіstan Іnvest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жоба 2021-жылы іске асады деп күтілуде. Оның шығаратын өнімдері Қазақстан аумағында сатылады, сонымен қатар ТМД елдеріне экспортталатын болады.

 

«Turkіstan Іnvest» инвестициялық

компаниясының баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ