«Turkіstan medіa» орталығын Төребек Байтас басқарады

19.10.2018
Қаралды: 70

Жуырда Түркістан қаласында «Turkіstan medіa» халықаралық медиаорталығы мен «Turkіstan» интеллектуалды клубы ашылғаны белгілі. Ол жөнінде, медиаорталықтың қандай жұмыстар атқаратыны жайында газетімізде хабарлағанбыз. Міне, осы орталыққа жетекшілік ету әріптесіміз, белгілі журналист Төребек Байтасқа жүктелді.

 

Төребек Төрекелдіұлы Байтас 1987-жылы Шымкент қаласында өмірге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің филология факультетінде білім алған. Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында редактор болып бастаған. «Хабар» агенттігінде, «24 КZ» арнасында еңбек еткен. Бүгінде «Қазақстан Шымкент» телеарнасында авторлық «Сөз түзелді» және «Заңгерлік анықтама» хабарларын жүргізіп келеді. 2017-жылдан бері Түркістан облыстық ішкі сая­сат басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» директорының орынбасары қызметін атқаруда. Ал  аталмыш медиаорталыққа жетекшілік етуді ол қоғамдық негізде атқаратын болады.

 

Біз Төребек Төрекелдіұлының жаңа қызметте де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Д. БАЙЖІГІТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ