Робот техникасын үйрететін сынып ашылды

20.10.2018
Қаралды: 147

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарын цифрландыруды Президент Н.Назарбаев  биылғы Жолдауында міндеттеген болатын. Осы орайда Арыс қаласының білім бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы «ІТ» сыныбы ашылды. Оның ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының кеңесшісі Ғ.Қошаманов және білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев қатысты. 

 

Енді аталмыш мектептің 8 – 16 жас аралығындағы барлық мектеп оқушылары заманауи «ІТ» сыныбында робототехника саласын және бағдарлау негіздерін үйренеді.  Арыс қаласы әкімінің айтуынша, бұл заманауи сыныпты жабдықтауға жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Онда оқушылар ақпараттық технология саласын меңгереді. Web-сайттар ашып, робот құрастыру және оны басқару, 3D принтинг және тағы басқа жеке жобалар жасауға үйренеді. Үздіктері республикалық, халықаралық «ІТ» байқауларға қатысып, тың идеяларын дамытуға мүмкіндік алады. 

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ