Байытылған ұн нанын жеген пайдалы

15.10.2018
Қаралды: 69

Бүгінде темір тапшылығы анемия­сы денсаулық  сақтау саласындағы маңызды мәселелердің ішінде алдыңғы орында тұр. Ол – ағзаға та­мақ өнімдері құрамындағы темір­дің жеткіліксіз түсуінен, онда жеткі­ліксіз қорытылуынан, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесі­нің және қан жүйесінің кейбір созыл­малы аурулары кезінде темірді жоғал­тудың көбеюінен туындайтын патологиялық процесс. Оны жоюдың бір­ден-бір жолы – ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту.

 

 

Байытылған (фортификациялан­ған) тамақ өнімдері дегеніміз – құрамына бастапқыда болмаған не жеткі­ліксіз мөлшерде болған немесе өнді­ру, дайындау сатысында жоғалтыл­ған қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) мен бас­қа да заттар қосылған тамақ өнім­дері. Байыту әдістері және тағамдық азық-түліктерді байыту проце­сінде пайда­ланатын материалдар мен бұ­йым­дар нормативтік-техникалық құ­жат­таманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

 

Адам денесінің қалыпты, сау өсуі мен дамуы үшін А витамині, фолий қышқылы мен темір, йод, цинк сияқты минералдардың қажеттілігі өте зор. Атап айтсақ, ол интеллект ин­дек­сін жақсартады, ана өлімін азайтады, жаңа туған нәресте мен балалар өлімін кемітеді, еңбек өнім­ді­лігін 40 пайызға арттырады. Сондай-ақ оның арқасында тағам ми­кро­­эле­менттері жеткіліксіздігінен туындайтын соқырлық, мылқаулық, тоқтатылған жүктілік жиілігі біршама төмендеуі мүмкін.

 

Қазақстанда күнделікті пайдалана­тын тағам өнімдері нан және бидай ұнынан дайындалатын өнімдер бо­лып саналады. Мысалы, «Дастар­ханы­ңызда күн сайын қандай өнім­дер болады?» – деген сауалнамаға ха­лық­­тың 95 пайызы  «нан» деп жауап берген.

 

Сондықтан Қазақстанда темір тап­­шы­лығы анемиясының алдын-алу үшін көп қолданылатын жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын байыту қолға алынған.  Ұнды байыту Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 21-шілдедегі №301 «Та­мақ өнімде­рінің  қауіпсіздігі туралы» Заңына сүйеніп жүргізіледі және Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын жоғарғы және бірінші сұ­рыпты бидай ұны міндетті түрде құ­ра­мында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға жатады. Та­мақ өнімдерін байыту тәртібін  Қа­зақ­стан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

Кең тараған астық дақылдары –бидай мен қара бидайдың өзі В1, В2, В6, Е витаминдерінің, сондай-ақ темір мен цинктің қайнар көзі болып табылады. Бірақ бидайды ұнға айналдыру, ұн өнімдерін дайындау ке­зін­де витаминдер мен минералдардың едәуір мөлшері жоғалады. Сон­дық­тан да бидай өңдеуі­нен болатын шығындардың орнын толтыру, сондай-ақ дайын ұнды витаминдермен, микроэлементтермен қосымша форти­фикациялау маңызды мәселелердің бірі саналады.

 

З. ИСАБЕКОВА, 

Шымкент қаласындағы Еңбекші

ауданы қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасының

жетекші маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ