Қалдықты пайдалы талшыққа айналдыратын зауыт ашылды

13.10.2018
Қаралды: 59

Түркістан облысының Ордабасы ауданында пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі іске қосылды. Ол полиэтилентерефталаттық қалдықтарды (ПЭТ) қайта өңдеп, штапельді талшықтарды өндіретін болады. Жылдық қуаты 100 тоннаны құрайды. Ал өндірілетін өнім ТМД елдеріне экспортталатын болады.

 

«Turkіstan іnvest» компаниясының қолдауымен «Green technology іndus­trіes» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жүзеге асырған инвестициялық жоба Ордабасы ауданының «Бадам» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан. Өндіріске жұмсал­ған қаржы – 5 миллиард 985 миллион теңге. Қазіргі таңда мұнда 250 тұрақты жұмыс орны ашылды.

 

Бүгінде өндіріс ошағында  полиэтилентерефталаттық қалдық түйіршіктерін өндіру басталды. Ал талшық өндіру ісі 2019-жылдың наурызында басталады деп жоспарланыпты. Қалдықтарды қайта өңдеу кезінде шикізат ретінде пластикалық ыдыстар, заттар пайдаланылады.

 

Жалпы, қалдықтарды қайта өңдеу инвестициялаудың перспективалы бағыты болып табылады. Біраз уақыт бұрын бұл болашақтың бизнесі деп саналып келген болса, бүгінде бүкіл әлемде маңызды өндіріс ретінде жұмыс істеп келеді.

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ