Түркістан облысы ет өндіруден ел алдында келеді

13.10.2018
Қаралды: 75

Бүгінде Түркістан облысы ет өндіруден республика бойынша алда тұр. Облыстың ет өнімдері ел ішіне ғана емес, шет мемлекеттерге де шығарылуда.

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметтерге қарағанда, 2018-жылдың басынан қазан айына дейінгі аралықта 154 мың 700 тонна ет өндірілген. Өсімді негізінен ірі қара мал еті беріп отыр. Ал ірі қара мал басының өзі 970 мыңнан асқан. Яғни облыста Зеңгі баба тұқымының 1 миллион бастан асар кезі алыс емес сияқты.

 

Өйткені бүгінде республикамызда етті мал шаруашылығын өркендетуге арналған бағдарлама жұмыс істейді. Оның аясында аналық ірі қараны көбейту жоспары бар. Осы мақсатта шаруа қожалықтарына 15 жылға 4 пайыздық үстемемен несие беру жағы ойластырылған.

 

...Жалпы, Түркістан облысының биылғы көрсеткіштері көңіл қуантарлықтай. Мысалы, облыста биылғы  9 айда сүт өндіру 3,2 пайыз­ға, жұмыртқа өндіру 9,2 пайызға артыпты.

 

Сондай-ақ Түркістан облысы биыл 2,7 миллион тонна егін өнім­дерін өндіріпті. Оның 1 миллион тоннасы республикамыздың солтүстік өңірлеріне жіберілсе, 500 тоннасы шет мемлекеттерге шығарылып отыр екен.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ