Ерболат Ыбрайханов – департамент басшысы

09.10.2018
Қаралды: 100

Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Ерболат Ыбрайханов Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 

Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов 1981-жылы Қызылорда облысында өмірге келген. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, Халықаралық қазақ-түрік университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияның Ноттингем университетін бітірген. Экономист-қаржыгер, заңгер, мемлекеттік саясат маманы. Кезінде Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, оның өңірлік инспекциясында, Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекция­да жауапты қызметтер атқарған, Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары бол­ған.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ