Баспасөз қызметін басқару Ержан Жүнісовке жүктелді

09.10.2018
Қаралды: 75

Түркістан облысының әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қыз­метті атқару міндеті Ержан Жү­нісовке жүктелді.

 

 

Ержан Қошқар­әліұлы Жүнісов 1985-жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің журналистика факультетін бітірген, Түркияның Стамбұл қаласындағы «Мармара» универ­ситетінде магистратура бағдарламасы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008-жылы «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамында редактор болып бастаған. Осында жаңалықтар бөлімінің тілшісі, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-жылдан бері «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар 24» арнасының халық­аралық ақпарат бөлімінің Түркиядағы меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

 

Біз әріптесіміздің жаңа қызметте абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ