«Фуджибар», «талабар», «голденбар» – бәрі бар

06.10.2018
Қаралды: 49

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауыл округіне қарасты Талап елді мекенінің іргесінде «Tau Alma Bak» ЖШС-нің 43 гектар жерге алма көшетін егіп, кәсіп бастағанына 5 жылға жуықтады. Тың жобаны қолға алған кәсіпкер Сейтжаппар Ахмет бүгінде осы еңбегінің алғашқы жемісін көріп, тапсырыс қабылдауда.

 

Осыдан үш жыл бұрын «Tau Alma Bak» серіктестігі ауыл ірге­сіндегі 107 гектар жерді жалға алып, көшет қондыруды бастады. Тастақ жер бауға айналады дегенге көп адам сенімсіздікпен қараса да кәсіпкер қажырлы еңбегін аямады. Барлық жаңа технологияны қолданып, көптің күмәнін сейілтті. Жайылым жер жасыл желекке айналды.

 

Бұл бауда алманың төрт түрі өседі. Соның ішінде «фуджибар», «талабар», «голденбар» тұқымдары күзде молынан жеміс береді. Қыс бойы сақтауға да ыңғайлы. Бұл жеміс ағаштарын жайқалту үшін кәсіпкер мамандарды Түр­кия­дан шақыртып, олар осындағы  жұмысшылармен тәжірибе бө­лісіп, алма егудің сан қырлы тәсілдерін үй­ретіпті.

 

Тамшылатып суғару әдісімен нәрленетін бауда арнайы тор ке­рілген. Ол ағаш жапырағын тікелей күн сәулесінен қорғайды. 43 гектар алқапты жайқалтуға 700 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл қаржының жартысы жеңілдетілген дәрі-дәрмек, жағармай, субсидия арқылы мемлекеттен бөлініп отыр.

 

Кәсіпкер Сейтжаппар алдағы уақытта бау алқабын ұлғайтып, басқа да бақшалық дақылдардың түрін көбейтпек ниетте.

 

Д. ҚАЛЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ