Әділет департаментін Мұхит Тұрғараев басқарады

05.10.2018
Қаралды: 62

Түркістан облыстық әділет департаментіне басшы таға­йындалды. Бұл қызметті Мұхит Тұрғараев атқаратын болды.

 

Мұхит Бекетұлы Тұрғараев 1973-жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік универ­ситетін – құқықтану, Халықаралық қазақ-түрік универ­ситетін – қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «Атакент» кеденіндегі контрабандамен күресті ұйымдастыру бөлімінде бастаған. Жоғарғы Соттың шаруашылық алқасында, Оңтүстік Қазақстан облыстық нотариалдық палатасында еңбек еткен, облыстық әділет депар­таменті бастығының орынбасары болған. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының құқықтық органдарында жұмыс істеген. 2015-жылдың қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары болып таға­йындалған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ