Ғани Ташқараев – Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

05.10.2018
Қаралды: 50

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы болып өтті. Онда депутаттардың басым да­уыс беруімен Ғани Таш­қараев қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

 

Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев 1968-жылы өмірге келген. Жоғары білімді, бірнеше мамандық иегері. Кезінде түрлі салаларда еңбек еткен, жауапты қызметтер атқарған. 2007-жылы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Одан бергі өткен сайлауларда да депутат мандатын сақтап қалды. Кейінгі кездері қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы қызметін атқарып келген еді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ