Жеке кәсіпкер балабақша салып берді

02.10.2018
Қаралды: 94

Жетісай ауданы, Атамекен ауыл округі, Мақташы елді мекенінде 125 орындық «Гүлсін ана» балабақшасы ел игілігіне берілді.

 

«Жетісай ауданында 20 мемлекеттік, 137 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Енді, міне, 138-ші балабақша пайдалануға беріліп отыр. Жалпы, ауданымызда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту үлесі 95 пайызға жетті. Алдағы жылы да бірнеше балабақшаның құрылысын жүргізу жоспарда бар. Елді мекен тұрғындарына қуаныш сыйлап отырған кәсіпкерге алғысымыз шексіз», – дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев. 

 

Балабақшаны жеке кәсіпкер Құттыбек Елтоқов салыпты.

 

«Ғимараттың құрылысын 2016 жы­лы бастадық, – дейді ол кісі. – Нысан ауыл тұрғындарының сұранысы бо­йынша салынды. Өйткені ауылымызда балабақша кезегінде тұрған бүл­діршіндер саны жыл санап артып келеді. Сондықтан аудан әкімшілігінен арнайы рұқсат алып, бөлінген жер теліміне жаңа балабақшаның құрылысына кірістік.

 

Жалпы құны 35 миллион теңгені құраған ғимарат қос қабаттан тұрады. Мұнда тәрбиеленушілерге 5 мезгіл тамақ беріледі. Жатын орындары мен ойын бөлмелері заманауи үлгіде жасақталған. Ай сайынғы төлемақыға ата-аналар қиналмайды деп ойлаймын. Өйткені 3 мың теңге аса қымбат емес қой».

 

«Балапан» бағдарламасы аясында жұмыс бастаған 125 орындық балабақшада 30 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ