Лимон өсіріп, мол өнім алуда

29.09.2018
Қаралды: 102

Түркістан облысының жері түрлі дақылдар мен көкөніс, жеміс-жидектер өсі­руге қо­лайлы. «Қа­лауын тапса, қар жанар» демекші, мұн­да тропикалық жемісті де жерсіндіріп, өнім алып жатқандар ба­р­шы­лық. Мысалы, об­лыс­тың Жетісай ауданында бір азаматтар лимон өсіріп, одан ал­ғашқы өнімін алып отыр екен. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жетісай ауданының Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы (төрағасы – Мұрат Жұмабеков) лимон көшеттерінің біразын Ташкенттен әкеліп, біразын өздері жылыжайда өндіріп, еккен екен. Өніп, тамыр алғандары арада екі жыл өткесін жеміс беруді бастаған. Бүгінде онда лимонның бір түбінен 10 кило шамасында өнім алынуда. (Cуретті түсірген – Қуаныш Әуелбеков).

 

Жалпы, аталған шаруашылықтың 17 гектар жері бар екен.  Оның 6 гектарына шабдалы егілген, 2 гектарына құрма көшеттері отырғызылыпты, сондай-ақ оған 80 мың түп шай раушаны егіліпті. Ал лимон көшеттерін еккен аумақ 15 соттықты құрайды.

 

Лимон ағашы 25 – 30 жылға дейін өнім беретін көрінеді. Сондықтан да атал­ған шаруа қожалығы тағы да 20 соттық жерге лимон көшеттерін егуді жоспарлап отыр.

 

Бұдан бөлек, «Нұрсұлтан» шаруа қо­жалығы биыл шабдалыдан 3 тоннаға жуық өнім алыпты. Алдағы жылы құрма ағаштары да алғашқы өнімін бере бастамақ.

 

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев таяуда аталған шаруа қожалығының көшет бағын аралап көрген. Сонда шаруаларға алдағы жылы лимоннан бөлек, шабдалы, құрма ағаштары мен раушан гүлі көшеттерін көптеп да­йындауға кеңес беріпті. 

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ