20 жыл 5 айда – 1000 нөмір

30.09.2018
Қаралды: 161

Ардақты оқырман! Міне, Сіз бүгін «Замананың» 1000-шы нөмірін қолға алып отырсыз.

 

«Замананың» алғашқы, №1 нөмірі сонау 1998-жылғы бей­сенбі, 28-мамырда жарық көрген екен. Содан бергі 20 жыл 5 айда 1000 нөмірі жарыққа шығыпты. Осы аралықта газетте 100 мыңнан аса жаңалықтар, айрықша ақпараттар жарияланды, ол оқырманды  мыңдаған тосын жайлардан, шұғыл хабарлардан құлағдар етті. Одан бөлек, оқырманға ой салып, пайдасын тигі­зетін осынша көлемде танымдық-тағылымдық мақалалар жарияланды. Газетімізді жүз мыңдаған адамдар оқыды.

 

«Замана» арқылы қолына қалам ұстаған талай азаматтар жұртшылыққа танылды, газет ел ішіндегі жүздеген ерекше жандарды көпке танытты, өмірі өне­гелі адамдарды үлгі етіп көр­сетті. Жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге үндеді. Ол әділдік іздеген, тұрмыс тауқыметін көр­ген талай адамға қол ұшын бер­ді.

 

Қай нәрсеге болса да тал­ғаммен, ой жібере қарайтын жандарға «Замананың» бергені аз болмады десек, артық айт­қандық емес. Өйткені бұл – оқырман сөзі, газет қызмет­кер­лерінің осынша жылдар бо­йы ел ішінен хабарласқан оқыр­мандардан осындай мазмұндағы алғыстарды естіп келгені – өмір шындығы.

 

Сондықтан да газетіміздің 1000-шы нөмірі жарық көрген тұста өздеріңізге сөз арнамай тұра алмадық. Бұл да бір мереке, абырой, белес. Сондықтан қуанышымызды бөлісіп, өз­деріңізді де құттықтап қоюды ой­ға алдық.

 

Ендеше, алдағы уақыттарда да бірге болайық, жарқын жүз­бен қауыша берейік, ардақты оқырман! Осы орайда бүгінгі күндері алдағы, 2019-жылға газет-журналдарға жазылу науқаны қызу жүріп жатқанын есте­ріңізге саламыз. Мүмкіндікті пайдаланып, «Заманаға» жазылып қойыңыз.

 

«Замананың»  6 айға жазылу бағасы – 2500 теңгенің төңі­регінде. Газетіміздің жазылу ин­дексі – 65416, «Заманаға» Қазақстанның барлық аумақтарындағы «Қазпочта», «Ернұр-пресс» және басқа да тарату меке­мелері арқылы жазылуға болады.

 

«Замана» газеті редакциясының ұжымы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ