10 миллиард теңгеге қонақ үй салмақшы

26.09.2018
Қаралды: 112

Кешегі аптада Түркістанда Қала күні мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай бірқатар іс-шаралар ат­қарылды. Осы күні облыс әкімі қалада болашақта бой көтеретін бес жұлдызды «Rіxos Khadіsha Turkestan» қонақ үйінің іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.

 

«Rіxos Khadіsha Shym­kent» деп аталатын мұн­дай заманауи қонақ үйдің алғашқысы осыдан бірер жыл бұрын Шымкентте салынып, бүгінде жұртқа қызмет көрсетіп жатқаны белгілі. Оны есімі бүгінде  Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарында аталатын кәсіпкер, жер­лесіміз Серікжан Сейтжанов салдыр­ған болатын. (C.Сейтжанов – «Саутс­Ойл» мұнай компаниясының, «Стандарт Цемент» зауытының, «Талас инвестмент компани» кәсіпорнының иегері. «Forbes Қазақстан» журналының  биылғы мамыр айында шыққан нөмірінде Сейтжановтар отбасының байлығы 331 миллион долларға тең деп көр­се­тілген).

 

Облыстың жаңа орталығында бой көтеретін 5 жұлдызды жаңа қонақ үйді де С.Сейт­жанов өз қаржысына салдыратын болды. Жо­ба құны – 10 миллиард теңге. Мейманхана 2019-жылдың соңында пайдалануға беріледі деп межеленіп отыр.

 

Түркістанда салынатын 6 қа­батты, 120 орындық «Rіxos Khadіsha Turkestan» қонақ үйі 3 гектар аумақта бой көтереді. Оның ішінде қонақ бөлме­ле­рінен бөлек, мейрамхана, кинотеатр, іскер ортаға арналған бизнес-орталық сияқты қызмет орындары, ауласында заманауи автотұрақ болады.

 

Қысқасы, Түркістанды ту­рис­тер үшін де тартымды, жайлы орталық ету мақсатындағы жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ