Тоқтар Үсібәлиев – Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы

26.09.2018
Қаралды: 72

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Тоқтар Үсібәлиев облыстық құрылыс бас­қармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

 

Тоқтар Оразұлы Үсібәлиев 1972-жылы облыстың Сайрам ауданында өмірге келген. Мамандығы – инженер-экономист. Еңбек жолын Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасында бастаған, қалалық өнеркәсіптік жоспарлау басқармасын басқарған, Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет-құрылыс саласындағы қадағалау және лицензиялау аумақтық басқармасында – бөлім бастығы, мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы мен құрылыс басқармасында, тағы басқа мекемелерде – басшының орынбасары, «ТауКен Самұрық» акционерлік қоғамында департамент директоры болып істеген. 2016-жылдан бері облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ