Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын Нұрбек Бадырақов басқарады

26.09.2018
Қаралды: 112

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Нұрбек Бадырақов атқаратын болды.

 

 

Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов 1988-жылы Түркістан облысының Шардара ауданында өмірге келген. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша бітірген, Тараз Мемлекеттік университетінде – ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, Қазақстан Халықтар достығы университетінде – құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша оқыған. Еңбек жолын 2009-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бастаған, статист, бас маман, бөлім  басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған. Ауыл шаруашылығы министрі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарған, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде істеген, Мәжіліс депутатының көмекшісі, Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының басшысы болған. Біраз уақыт Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды, кейінгі кездері Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып келді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ