Депутат пара берген бе?

25.09.2018
Қаралды: 97

Алматы облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы бас­қармасының басшысына 5,5 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Басқарма басшысы бұл соманы орындалған актілерге ешбір кедергісіз қол қойып бергені үшін  мердігерлік ұйым басшысынан алған көрінеді. Ал параны облыстық мәслихат депутаты мен оның ұлы берген.

 

 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді. Пара алған басшы мен депутаттың ұлы қамауға алынған.

 

«Ал облыстық мәслихат депутаты жасы үлкен болуына және денсаулығына байланысты қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – дейді Ж. Бастарова.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ