Әскери билеттің құны қанша?

22.09.2018
Қаралды: 134

Өкінішке орай, елімізде тәртібі темірдей болуға тиіс мекемелерде де мәселені ақша беру арқылы оп-оңай шешуге бола береді екен. Бұған Бурабайдағы жағдай дәлел.

 

Щучинск қаласының Бурабай ауданында қызмет ететін қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі бастығының орынбасары қала тұрғындарына әскери билетті 270 мың теңгеге саудалап келген. Әскерге шақыруды кейінге қалдырудың құны да осындай көрінеді.

 

Қорғаныс министрлігіндегі былық бұл ғана емес. Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №32363 әскери бөлімінің капитаны әскери қызметкерлерден 170 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған деген күдікке ілікті. Яғни штаб бастығы қарамағындағы қызметкерлерді «ақылы түрде» қамқорлығына алған. Капитан кінәсін толық мойындаған. Бүгінде оған қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ