Ербол Рақымбеков – Шымкент қалалық сотының төрағасы

19.09.2018
Қаралды: 82

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ербол Рақымбеков Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

Ербол Рақымбеков 1964-жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық сотында бастаған, Қарағанды облысының Нұра, Октябрь, Қазыбек би аудандық соттарында судья, сот төрағасы, Теміртау қалалық сотының төрағасы болған. Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот коллегиясын, Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын басқарған. 2016-жылдың қаңтар айынан бері Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарып келген.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ