Түркістан облыстық сотында тағайындаулар орын алды

19.09.2018
Қаралды: 107

Президент Жарлығымен еліміздің бірқатар соттарында кадрлық тағайындаулар орын алды.

 

 

Қасым Қалмағамбетов Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан­аралық сотының төрағасы болып тағайындалды. Қ.Қалмағамбетов 1979-жылы өмірге келген. Қазақ гуманитарлық университетін бітірген. Бұрын Алматы қаласындағы №2 Бостандық аудандық сотында, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья бол­ған.

 

Сондай-ақ Түркістан облысының Төлеби және Мақта­арал аудандық соттарына жаңа басшылар тағайындалды.

 

Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметін Жәнібек Сейтжапбаров атқаратын болды. Ол осыған дейін Түркістан облыстық қылмыстық істер жө­ніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болған.

 

Мақтаарал аудандық сотының төрағасы болып Құнанбай Мұсаев тағайындалды. Ол бұған дейін Ордабасы аудандық сотының төрағасы қызметін ат­қарған.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ