Жаңа басшылар кімдер?

23.09.2018
Қаралды: 314

Шымкентте басқарма басшыларын тағайындау жалғасып жатыр. Кешегі аптада бірқатар құрылымдардың басшылары тағайындалды. Атап айтқанда, олар мына азаматтар:

 

Нұралхан Көшеров Шымкент қалалық мем­лекеттік кірістер депар­таментінің басшысы болып тағайындалды. Н.Көшеров 1984-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – заңгер, құқықтанушы. Ол кезінде Астана қалалық салық де­пар­та­ментінде, Астананың Есіл ауданы бойынша мем­лекеттік кірістер басқармасында жа­уапты қызметтер атқарған, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып істеген.

 

Сондай-ақ осыған де­йін Шымкент қалалық бі­лім бас­қармасын басқарып келген Мұрат Базар­құлов бұл лауазымнан бо­сатылып, оған қалалық іш­кі саясат және дін істері басқармасының басшысы міндетін атқару жүктелді. М.Базарқұлов 1980-жылы туған. Мамандығы – саясаттанушы, заңгер. Ол бұ­рын  қала әкімдігінің ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде, облыстық тілдерді дамыту жө­ніндегі басқармада, Шымкент қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жауапты қызметтер атқарған. Ол Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне биылғы мамыр айында тағайындалған еді.

 

Шымкент қалалық мә­дениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқару Әлия Шалқароваға тапсырылды. Ә.Шалқарова 1977-жылы Сарыағаш ауданында өмірге келген. Педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес саласының маманы. Өзбекстан – Корея бірлескен кәсіп­ор­нында, Ә.Науайы атындағы өзбек мемлекеттік академиялық театрында, басқа да бірқатар құрылымдарда би ұжымының басшысы, балет тобының менеджері, көркемдік жетекші, би театрының директоры қызметтерін атқарған, 2016 – 2018-жылдар аралығында Шымкенттегі облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Түркістан» сарайының директоры 

 

Сондай-ақ Шымкент қа­лалық тұрғын үй инспек­ция­сының басшысы таға­йындалды. Бұл  мін­детті атқару Марат Ораз­әліге жүктелді.  М.Ораз­әлінің жасы – 46-да, ол – үш жоғары білім иесі. Кезінде шетелдік инвес­ти­циялар жөніндегі агент­тікте, облыс­тық туризм және спорт бас­қармасында,  әкім аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде, Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жауапты қызметтер атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы болып істеген.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ