Әдістемелік орталық директоры 2 айға қамалды

15.09.2018
Қаралды: 124

Өткен қыркүйек айында Түркістан облыстық білім басқармасына қарас­ты әдістемелік орталықтың директоры Б.Себепова қамауға алынған болатын. Жарияланған деректерде оның де­не шынықтыруды дамыту бөлімінің басшысы және бас бухгалтер үшеуі тексе­руші органға анықталған қылмысты жасы­ру үшін  пара бермек болғаны, қылмыс кезінде ұсталғаны туралы айтылған еді.

 

 

Бұл оқиғаға қатысты іс бүгінде Шым­кенттің арнайы тергеу сотына өтіпті. Б.Себепованы екі айға қамауға алу жөнінде сот санкциясы шығарылған. Күдікті өзіне «кепіл» шарасын қолдануды сұрағанымен сот одан бас тартыпты.

 

Жалпы, аталған әдістемелік орталықты тексеру кезінде бюджеттің 20 миллион теңге қаржысы талан-таражға салынғаны анықтал­ған көрінеді. Тексеруші орган қызмет­керлеріне оған қатысты қылмыстық іс қозғалмауы үшін 6 миллион теңге пара ұсынылған екен.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ