Хабибке қиын болайын деп тұр

15.09.2018
Қаралды: 135

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ережесіз жекпе-жектің «UFC 229» тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нұрмагомедов (Ресей) пен бұрынғы чемпион Конор МакГрегордың (Ирландия) арасында жекпе-жек ұйымдастырылғаны белгілі. Кездесудің 4-раундында Х.Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру тәсілін қолданып жеңді.

 

Жалпы, Хабибтің басымдығы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ сезіліп тұрды. МакГрегор оған қарсы қарсылық көрсете алмады. Дегенмен оның және жақтастарының Хабибке қарсы айтқан намысқа тиетін сөздері октагон мен оның сыртында орын алған төбелеске себепкер болды. Хабибтің өзі октагоннан секіріп барып, МакГрегордың жақтасына қол жұмсады, оның командаласы да төбелеске араласып кетті. Қауіпсіздік қызметі мен полиция араласпағанда төбелес соңы немен аяқталары белгісіз еді. Хабибтің жақтастарын полиция қамап, кейін босатып жіберді.

 

Жалпы, осы оқиға үшін Х.Нұрмагомедовтің де, К.МакГрегордың да турнирді ұйымдастырушылар тарапынан жазаланатыны анық. Хабиб айқын жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалғанымен Невада штатының атлетикалық комиссиясы оған техникалық жеңіліс берді. Тиесілі гонорары – 2 миллион долларды бергізбей қойды. Айтылып жатқан ақпараттарға қарағанда, оған гонорарының бір бөлігі берілмеуі, тіпті толықтай берілмеуі де мүмкін. Айып­пұл салынуы, квалификациясынан айырылуы ықтимал. АҚШ-қа виза бермей, чемпиондық белбеуінен айы­руы мүмкін екендігі де айтылып жатыр. «UFC» басшысы Хабибке төніп тұрған осындай қауіптер жөнінде айтты.

 

Ал МакГрегорға тиесілі 3 миллион доллар гонорары төленіп қо­йыпты. Дегенмен оған да жаза қолданылуы мүмкін екен. Ал оның өзі «Инстаграм» парақшасында Хабибтен жеңілген жоқпын, төбелестің көкесі алдағы уақытта болады деп реванш алуға ниетті екенін білдірді.

 

...Невада штаты атлетикалық комиссиясының бұл оқиғаға қатысты кезекті отырысы алдағы 24-қазанда  өтпек. Хабибке қатысты не шешілетіні қараша айының соңына қарай белгілі болады деседі.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ