662 адам жаңадан жұмыс тапты

12.09.2018
Қаралды: 122

Сарыағаш ауданында 2018-жылы 29 мамандық бойынша 1190 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген болатын. Бұлардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алған 1053 азамат бар. Жалпы оқуға жіберілген 1190 адамның 914-і бүгінгі күні сұранысқа ие, заман талабына сәйкес келетін мамандық алып үлгеріпті. Жуырда бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкеде оларға арнайы куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.

 

Енді арнайы маман деген атауға ие бол­ған 914 азаматтың 662-сі жұмысқа орналасып, өз ризығын тауып жүр. Солардың бірі – Дербісек ауыл округінің тұрғыны Юлдуз Әкімбаева. Юлдуз атаулы әлеуметтік көмек алып, осы жылдың маусым айында ЖК «Lara» оқу орталығында 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік білім алып шығады. Өзінің таңдауымен «Тырнақ өңдеу шебері» мамандығын меңгеріп, ауылдағы «Сая» сұлулық салонына жұмысқа орналасыпты. Маман мұнымен тоқтап қалмай, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021-жылдарға қатысты бағдарламасында бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер ретінде құжатын тапсырып қойыпты.

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ