Әлеуметтік дүкен «Шарапат» деп аталады

12.09.2018
Қаралды: 118

Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент ауылында «Шарапат» әлеуметтік дүкені ашылды. «7Я» деп аталатын сауда орнының екінші қабатында орналасқан әлеуметтік дүкен аудандағы «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен ашылыпты. Онда киім-кешектер тегін таратылады.

 

«Өңірде 1000-нан астам аз қамтылған отбасы бар. Біздің мақсат – аз қамтамасыз етілген азаматтарға, отбасыларға, жетім-жесірлерге қолдау көрсету. Мұндай игі іске жомарт жандардың да ықпалы көп тиді. Алдағы уақытта осындай қайырымды азаматтардың себепші болуымен киімнен бөлек, азық-түлік те тегін берілетін болады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сауапты істер әлі де жалғасын табатын болады», – дейді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев.

 

«Жастар ресурстық орталығының» же­текшісі Арман Дүйсебаевтың айтуынша, мау­сымдық киім-кешектерді жастар орталығының жауапты маманы тұрғындардан қабылдап, оларды жинақтап, үлестіруде. Енді әрбір сайрамдық жаңа немесе өзінің киген киім-кешегін сол дүкенге тапсыра алады. Тек киімдер жыртылмаған, таза болуы керек.

 

Бұл аудандағы тұрмыс жағдайы төмен азаматтар кез келген уақытта «Шапағат» дүкеніне тіркеліп, ұнатқан киімін тегін ала алады.

 

Д. БАЙЖІГІТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ