Шымкенттік Сенат депутаттары сайланды

13.09.2018
Қаралды: 284

Биыл Президент Н.Назарбаевтың Шымкент қаласынан сенаторлар сайлау жөніндегі Жарлығы шыққаны белгілі. Осы Жарлыққа сай 5-қазанда Шымкентте Сенат депутаттығына сайлау болып өтті. Сайлау нәтижесінде Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров жеңіске жетті. (Д.Сатыбалды кезінде Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған, ал Н.Бекназаров кейінгі бірнеше жыл бойы Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келген болатын).

 

Бұл екі азаматтың кандидатурасын Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар ұсын­ған еді. Сондай-ақ сайлауға өзін-өзі ұсынған тағы да 6 үміткер қатысқан. Олар: Серік Алданов («БанкЦентрКредит» банкінің басқарма төрағасы), Владимир Доронин (жұмыссыз, кезінде Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары болған),  Бижан Жылкелдиев («Global A» серіктестігінің директоры), Ғани Қарабеков («Манкент» шипажайының директоры), Асқарбек Үркімбаев («Шымкент сауда» серіктестігінің директоры) және Ғалымжан Майқанов (Ауғанстандағы соғыс арда­герлері бірлестігінің төрағасы).

 

Шымкент қалалық сайлау комиссиясының және Орталық сайлау комиссиясының жариялаған деректерінде Д.Сатыбалды мен Н.Бекназаров депутаттардың басым даусына ие болғаны туралы айтылады.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ