«Замана» Алғыс хатпен марапатталды

16.09.2018
Қаралды: 252

Таяуда Елордада «Astana Medіa Week» қазақстандық медиа-апталығы өткені белгілі. Бұл апталық аясында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының форумы ұйымдастырылған болатын.

 

 

Осы айтулы іс-шара кезінде  республикамыздың әр аумағынан шығатын бірқатар газет-журналдар, телеарналар мен радиоарналар Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандар қатарында Шымкенттен шығатын «Замана» газеті де бар.

 

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қолы қойылған Алғыс хатта мынадай сөздер жазылған: «Замана» газетін 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сіздердің ұжым өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағдарын жұртшылыққа кеңінен насихаттауға айрықша қызмет етіп отыр. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін».

 

...Иә. «Замана» газетінің жарық көре бастағанына биыл 20 жыл толды. (Негізінен «Замананың» тарихы 1990-жылдары шығып тұрған «Жас дәурен» газетінен бастау алады). Әрине, бұл аз мерзім емес.

 

Жақында «Замана» газетінің 1000-шы нөмірі жарық көрмек. 20 жыл бойы үздіксіз, апта сайын газет шығарып, оқырманға керегін тауып беріп отыру оңай шаруа емес. «Замана» осы уақыт аралығында оқырманды мыңдаған жаңалықтардан, айрықша ақпараттардан, шұғыл хабарлардан, тосын жайлардан құлағдар етті, танымдық-тағылымдық мақалалармен сусындатты. Осы орайда «Заманаға» оқырман тарапынан қолдау-қуаттау бол­ып жатқанын, ол үшін  жұртшылыққа аса риза екенімізді біз әрқашанда айтып отырамыз.

 

Ендеше, бұл қуанышқа Сіздер де ортақсыздар, ардақты оқырман! Әрдайым бірге болып, жақсылықтарды бөлісе жүрейік! «Заманаға» алдағы жылға жазылып қоюды ұмытпаңыздар!

 

«Замана» газеті редакциясының ұжымы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ