Жырды жатқа айтып, жүлде иеленді

11.09.2018
Қаралды: 119

Жуырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жақсылар, дастан айтайын…» атты ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өтті. Байқау Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты аудандарда ұйымдастырылып, 3 тур бойынша жалғасқан еді. Ақтық сайыс Түркістан қаласындағы ХҚТУ-дің мәдениет орталығында ұйымдастырылды.

 

Өткен жылы сайысқа қатысушы 48 үміткер «Қамбар батыр» жырын жатқа айтудан жарысып, нәти­же­сінде бас жүлдені Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мек­тебінің 9-сынып оқушысы Маржан Сиқымбаева, жеңімпаздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Алдиярова Ал­ғыс хат пен құнды сыйлықты иемденген болатын.

 

Ал биылғы үміткерлер «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан сайысқа түсіп, бақ сынады. Мектеп оқушылары арасында алғашқы іріктеу сынынан  өткен 33 оқушы байқауға қатысуға толық мүмкіндік алды. Сайыс қорытындысы бойынша Отырар ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бакира Олжас бас жүлдені (200 мың теңге) жеңіп алса, ұстазы Айнұр Әлшері су жаңа автокөлікті иеленді. Сонымен қоса, сайыс­қа қатысқан өрендердің барлығына Алғыс хат, қаржылай сыйақы табыс етілді.

 

Раушан СҮЛЕЙМЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ