Мақтааралда көпқабатты үйлер бой көтереді

29.08.2018
Қаралды: 125

Мақтаарал ауданында биыл 4 мектеп пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда тағы 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Диқан ауылындағы 600 орынға жоспарланған Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі. Қалған екеуі Қ.Үкібаев және Қ.Қайсенов атындағы 300 орындық мектептер. Олар келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 

«Халқы тығыз орналасқан мақталы өлкеде көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың санын көбейтуіміз керек. Сондықтан біз қазір  аудан орталығында көпқа­батты тұрғын үйлерді тұрғызатын жерлерді анықтаудамыз. Бірақ мемлекеттің алтын қоры саналатын суармалы жерлерімізді сақтап қалатын боламыз», – дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

 

Сондай-ақ бүгінде Мақтаарал ауданында екі емхананың құрылысы жүріп жатыр. Мырзакент пен Атакенттегі жаңа емханалардың әрқайсысы 250 орындық болады деп жоспарланған.

 

Н. НҰРСҰЛТАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ