Әлихан Смайылов – қаржы министрі

22.08.2018
Қаралды: 121

Бірнеше жылдан бері еліміздің қаржы министрі болып келген Бақыт Сұлтановтың таяуда бұл лауазымнан босатылып, Астана қаласының әкімі қызметіне бекітілгені белгілі. Кешегі аптада еліміздің жаңа қаржы министрі тағайындалды. Бұл қызметті Әлихан Смайылов атқаратын болды.

 

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972-жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Мемлекеттік университетін – қолданбалы математика, Президент жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын – мемлекеттік басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

 

Ә.Смайыловтың қызметте өсу жолы «А-инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорында басталған, ол осында және басқа да бірқатар құрылымдарда жауапты қызметтер атқарған. Еліміздің Статистика жөніндегі агенттігін басқарған, Сыртқы істер министрінің, Қаржы министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің төрағасы болған. 2015-жылдың желтоқсан айынан бері Президенттің көмекшісі қызметін атқарып келген еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ