Серік Тұрбеков жаңа қызметке ауысты

17.08.2018
Қаралды: 307

Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасына жаңа басшы таға­йындалды. Бұл қызметті Серік Тұрбеков атқаратын болды.

 

 

Серік Ордабекұлы Тұрбеков кезінде облыс әкімінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеу­меттік кәсіпкерлік компаниясының бас­қарма директоры, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған болатын. 2016-жылдың наурыз айынан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып келген еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ