Астанаға Бақыт Сұлтанов әкім болды

17.08.2018
Қаралды: 133

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астана қаласының әкімі қызметіне Бақыт Сұлтановты тағайындады.

 

 

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971-жылы Алматы қаласында өмірге келген. Оның 2013-жылдың қараша айынан бері еліміздің Қаржы министрі болып келгені мәлім. Кейінгі кездері Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі қызметін атқарып келді. Ал оған дейін Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Президенттің кө­мекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған болатын.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ