Әсет Исекешев – Президент Әкімшілігінің басшысы

17.08.2018
Қаралды: 98

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 

 

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971-жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Оның кезінде Индустрия және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Инновация және даму министрі қызметтерін атқарғаны белгілі. Ол 2016-жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі болып келген еді.

 

Ал Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2016-жылдың маусым айынан бері атқарып келген Әділбек Жақсыбеков зейнеткерлікке шығуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ