Арықтағыңыз келсе, су ішіңіз

13.09.2018
Қаралды: 320

Бүгінде артық салмақтан арылғысы келетін қыз-келіншектер көп. Сондай жандарға пайдасы тиетін бірер тәсілдер жөнінде айта кетуді ұйғардық. Яғни кәдімгі су арқылы арықтауға да болады екен.

 

Су тәбетті басады

 

Асқазан толып тұрғанын сезгенде, ол миға белгі жібереді. Солай біз ары қа­рай ештеңе жегіміз келмей­тінін түсінеміз. Ал су болса асқазанда аз орын алмайды, сондықтан ол толып тұрғандай сезім тудырады. Сонымен қатар, адам шөлді қарны ашқан секілді қабылдауы мүмкін. Сондықтан негізгі тамақ ішер алдында 1 стакан су ішіп алған жөн. Ол артық тамақтанудан құтқарады.

 

Калорияны кетіреді

 

Ғалымдар 500 миллилитр су ағзаны әдеттегіге қарағанда 2-3 пайыз артық калория кетіруге мәжбүрлейтінін анықтады. Ал егер ол суық болса, одан да көбірек калория кетеді. Себебі ағза оны жылыту үшін энергия жұмсауы керек.

 

Артық нәрсені тысқа қуады

 

Сұйықтық жетпеген кезде ағза зәрді және нәжісті дұрыс шығара алмайды. Су ас қалдықтарына орын ауыстыруға және жұмсаруға көмектеседі. Ал ағза сусызданарда бүйректер сұйықтықты ұстап қала бас­тайды. Ол өз кезегінде ісіну мен ар­тық салмаққа әкеледі. Сондықтан суды жет­кілікті тұтыну керек.

 

Көмірсудан құтқарады

 

Газдалған сусындар, жеміс шырындары, тәтті кофе немесе шай – бұлардың барлығы артық көмірсулар. Оларды қарапайым сумен ауыстырыңыз, сол кезде сал­мақ тастай бастайсыз.

 

Майды ыдыратады

 

Сусызданған ағза майды дұрыс ыдырата алмайды. Сондықтан ең қатаң диетаның өзі сұйықтықтың қажетті мөлшері болмаса, нәтиже бермейді. Физикалық жүктеме кезінде пайдасы мол сұйықтық бұлшық етттерге, дәнекер тіндерге және буындарға дұрыс қозғалуға, ал өкпе мен жүрекке тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Жеткілікті су ішкен кезде бұлшық еттер сіңірінің тартылуы мен шаршау қаупі азаяды. Яғни жаттығуға ештеңе кедергі келтірмейді.

 

...Ендеше дене сымбатын бірқалыпта ұстағыңыз келсе, суды жеткілікті мөл­шерде тұтына жүріңіз де­мекпіз.

 

М. ДАНА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ