Тіс түсіп, буын бүлінуінен басталған дерт (ВИДЕО)

07.09.2018
Қаралды: 45

Ержан есімді азамат «Кока-кола» шығаратын цехта 5 жыл жұмыс істегенін, сол кезде аталған сусынды молынан ішіп жүргенін айтады. Ал мұның денсаулыққа зардабы тимей қалмапты.  Алғашында оның тістері ойыла бастапты. Кейін миында ісік пайда болғаны анықталыпты.

 

«Ісіктің неден пайда болғаны белгісіз. Ал ота жасалғаннан кейін сүйектерім жұмсарып, буындарым істемейтін болды, артрозға шалдықтым», – дейді ол.

 

Бұл азамат «коланың» құрамында қанттың өте көп мөлшерде болатынын айтады. Ал тұтынылатын қант шектеулі көлемнен асса, ағзаға ауырлық етіп, түрлі дерттерге, қант диабетіне шалдықтыратыны белгілі.

 

Қысқасы, «Коланы» ойсыз сіміре бермеңіздер!

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ