Лапылдап жанатын бұлақ (ВИДЕО)

06.09.2018
Қаралды: 82

Табиғатта көріп тұрсаң да өз көзіңе сенбестей таңқалдыратын ғажайыптар көп. Мысалы, су да жанады десе, сенбес едіңіз. Ал мынаны қараңыз...

 

Мұндай өзгеше су көзі Оңтүстік Осетияда, Цхинвали қаласына таяу маңда бар екен. Оттық шағып, жақындатсаңыз, лап етіп тұтана кетеді. Шәугімге шай қойып ішем десеңіз, су да, «отын» да бір бұлақ көзінен табылып тұр. Отты сөндіру де оңай, оған бұлақтың өзінің суын қолданасыз.

 

Қазақ көрсе «Отбұлақ» немесе «Оттыбұлақ» деп ат қоярдай бұл су көзінің құрамында газ ба, спирт пе, сондай бірдеңе бар-ау өзі.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ