Қала әкімдігі қоныс аударды

11.08.2018
Қаралды: 376

Шымкенттің әкімдігі қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік аумағындағы 16 қабатты ғимаратқа қоныс аударды. Яғни ол Түркістанға көшкен облыс әкімдігінің бұрынғы ғимаратына ие болды. Енді Шым­кент қаласының әкім­дігін іздеген жұрттың «Нұрсәт» шағын ауданы жаққа бара беруіне болады.

 

Дегенмен жаңа ғимаратқа әкімдікке қарасты мекемелер түгелімен көшіп барған жоқ. Олардың бірқатары әзірге қала ішіндегі бұрынғы орындарында отыр.

 

Жаңа қонысқа орныққан бас­қармалар мыналар: экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, қаржы басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы, құрылыс басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, архивтер, мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттандыру басқармасы, ветеринария және ауыл шаруа­шылығы басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, ішкі саясат және дін істері басқармасы, жастар ісі, балалар және отбасы басқармасы.

 

Ал өзінің бұрынғы орнында мына басқармалар жұмысын жалғастырып жатыр: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Бекет батыр көшесінде), денсаулық сақтау басқармасы   (Айбергенов көшесіндегі көпқабатты ғимаратта), білім бас­қармасы (Жангелдин көшесінде), спорт басқармасы («Қажымұқан» стадионында), жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы («Нұрсәт» шағын ауданында) және мәдениет басқармасы («Түр­кістан» сарайында).

 

Айта кетейік, «Нұрсәттегі» 16 қабатты жаңа ғимаратқа Шымкент қалалық мәслихаты да барып қоныс­танды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ