Сенатқа әркімнің де бар таласы...

08.08.2018
Қаралды: 148

Алдағы 5-қазанда Шымкенттен Парламент Сенатына сайлау өтетіні белгілі. 14-қыркүйекте «Нұр Отан» пар­тия­сы атынан ұсынылған және өзін-өзі ұсынған азаматтарды тіркеу аяқталады. Сосын үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады.

 

Шымкент қалалық мәслихатының таяуда болған кезектен тыс сессиясында Сенат депутаттығына екі адамды – қалалық мәслихаттың қазіргі хатшысы Нұрлан Бекназаров пен кезінде Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Сатыбалдыны ұсыну жөнінде шешім шығарылғаны мәлім.

 

Сондай-ақ депутаттықтан «Банк­ЦентрКредит» банкінің басқарма директоры Серік Алданов, кезінде Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары болған, қазір жұмыссыз жүрген Владимир Доронин, «Global А» серіктестігінің директоры Бижан Жылкелдиев, «Манкент» шипажайының директоры Ғани Қарабеков, «Шымкент сауда» серіктестігінің директоры Асқарбек Үркімбаев, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Майқанов  үміткер болып отыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ