Аюды да атуға болады екен

07.08.2018
Қаралды: 168

Кезекті күзгі-қысқы аңшылық маусымы басталды. Бұл жөнінде еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті хабарлады. Аң-құс аулау еліміздегі 701 аңшылық шаруашылықтың аумағында жүргізіледі.

 

Аңшылық маусымы 7-қыркүйекте басталды. Құстардың 59 түріне, жануарлар мен жыртқыш аңдардың 34 түріне саятқа шығуға рұқсат беріліп отыр. Олардың қатарында аю, сібір тау ешкісі, сібір елігі, қабан, марал, жабайы құстар мен су құстары бар.

 

Әрине, маусым басталды деп жұрттың бәрі бірдей аңға шыға бермейді. Онымен айналысуға арнайы рұқсаты бар адамдар ғана бара алады. Оның өзінде бақайшағына дейін қаруланып, аң-құсты қалағанынша қыра бермейді. Ережеде қандай аң-құс түрлерін қай уақыттан қай кезге дейін, қаншадан аулауға болатыны жөнінде нақты көрсетілген, арнайы бекітілген шектеулер бар, соның шеңберінен шықпау керек.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ